• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:27:11
Алматы
+35°

Биылғы мамыр-шілде айларында алдыңғы жылдардың сәйкес кезеңіне қарағанда 24 мың адам артық қайтыс болған. Олардың көбі коронавирустан көз жұмған болуы мүмкін. Мұндай болжамды статистикалық деректерді негізге алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Денсаулық ғылыми-зерттеу институтының директоры Қайрат Давлетов жасады.

"Алдында мамыр мен маусым айларындағы артық өлім туралы дерек шықты. Коронавирустан қайтыс болғандар көп болған трагедиялық  шілденің нәтижесін аса үреймен күтіп жүрдім. Енді міне, статистика комитеті шілде айында өлгендердің дерегін жариялады. Шынайы жағдай мен қауіптенген шектен асып түсті. Қазақстанда еxcess mortality немесе коронавирустан келген артық өлім дерегі 2020 жылдың шілдесінде алдыңғы жылдармен салыстырғанда 15 мың – 16 мыңға артық болды.

Төмендегі қарапайым кестеде мамыр мен шілде аралығында 23 мың - 24 мың адам артық қайтыс болғаны көрсетілген. Бәлкім, өлімнің барлығы коронавируспен тікелей байланысты емес шығар. Толық анализ жасау үшін барлық деректерді (жыныс пен жас, аймақ тағы сол сияқты бойынша) жинау қажет. Бірақ осы өлімнің басым бөлігі коронавирус пандемиясымен қатысты екені хақ" делінген ғалымның facebook-тегі жазбасында.

а

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір