• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:10:58
Алматы
+35°

Атырау облысының төтенше жағдай департаменті 10 қазанда Каспий жағалауындағы батпақты жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенгенін хабарлады, деп жазады azh.kz  сайты.

Өрттің ішінде "ВАЗ-21214" көлігі мен "Фрегат" резеңке қайығы түгелдей жанып кеткен. Өрт орнына екі техника – автоцистерна мен жол талғамайтын "Трэкол", сондай-ақ ТЖД 11 қызметкері шықты. Күн батқасын өрт сөндіру жұмыстарын уақытша тоқтатуға тура келді, себебі батпақты жермен қозғалуға мүмкін болмады. Өрт аумағы анықталуда. Өрт теңізге қарай беттеді, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, – делінген облыстық департамент хабарламасында. 

Өрт салдарынан 11 қазанда Атыраудың тұрғындары ауадан күйіктің иісін байқап, қаланың кей жерлерін түтін басқан. Жағымсыз иіс пен аспанның түнеріп кеткеніне, әсіресе, Дамбы ауылдық округінің тұрғындары көп шағымданған.

Жолаушылар ұшағынан түсірілген бейнежазбада өрттің ауқымы үлкен екені байқалады. 

Бұған дейін, қыркүйек айында теңіз жағалауында қамыс өртенген болатын. Ол кезде Шымкенттен арнайы жеткізілген тікұшақ өрт ошағына 10 рет 3 тоннадан су сепкен. Дәл осындай жағдай Атырауда бір жыл бұрын болды: "Ақжайық" резерватында қамыс өртеніп, бүкіл Атырауды түтін басып кеткен еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір