14 Қазан, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Қазақстандықтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемін қайтаруға міндетті емес. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Сайттың мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде төтенше жағдай режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген ақпарат тараған болатын.
Мемлекеттен алынған қаражатты қайтаруға болғанымен, міндетті түрде талап етілмейді.
– Төтенше жағдай кезінде кейбір адамдар айлық табысы жоғалмаса да, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алды. Олардың кейбіреуі бұл қаражатты мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Төлемдер төленгеннен бері шамамен 180 000 адам қаражатты қайтарды. Бұл адамның өз еркіне қарай жүзеге асырылады. Азаматтарды бұл ақшаны қайтаруға міндеттейтін нормалар мен заңдар жоқ, – деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Александр Кононец.
Әлеуметтік көмекті қателесіп алғандар қайтаруы үшін Kaspi Bank мобильді қосымшасында тиісті функция іске қосылған. Бүгінде оның қызметі тоқтады.
– Карантин кезінде табысынан айырылмаса да, әлеуметтік төлем алғандар Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы қаражатты қайтарды. Бұл төлемдерді қайтару – әрбір әр азаматтың ерікті шешімі, – деп жауап берген Kaspi Bank stopFake.kz порталы жолдаған сауалға.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір