• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:25:15
Алматы
+35°

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елдің екінші үлкен қаласы Ганджанға шабуыл жасалғаннан кейін Арменияға қарсы соққы беруге уәде берді. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады.

Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан армиясы Арменияға соққы береді және "ұрыс алаңында кек алады".

Ал Түркия Арменияның шабуылын "әскери қылмыс" деп атады.

– Армения "әскери қылмыс" жасап жатыр және "қатыгездік" үшін жауап беруі керек, –  деп жазды Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу Twitter-де. 

Бұған дейін Әзербайжанның бас прокуратурасы "Ганжаға зымыран шабуылынан 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды" деп хабарлаған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әжірбайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір