Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы Азат Азаматовты неліктен 10 жылға дейін соттағанын түсіндірді.

Судьяның айтуынша, Азаматовтың кінәсі толығымен куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен дәлелденген.

– ҚР ҚК 345-бабы 1-бабының 4-бөлімімен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айыптау актісінде жазаны ауырлату жағдайлары айтылмады. Бұл жағдайларды сот өзі алға тарта алмайды. Соған байланысты сот прокурорға айыптау актісіне өзгеріс енгізу үшін қосымша уақыт берген болатын. Жаңа актіде Полиция басқармасына келтірілген ірі көлемдегі шығын туралы жазылған. Судья бұл ауырлату жағдайларын ескере отырып максималды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл аталған бап бойынша ең шекті жаза, – деді судья.

Сондай-ақ Азат Азаматов өмір бойы көлік айдау құқығынан айрылды. Сот үкімінің шешімі бойынша ол жәбірленушілерге 66 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы беруге міндеттелген.

Қарасай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовты қылмыстық кодекстің 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Қайғылы жол апаты осы жылдың 25 мамырында таңертең болған. BMW көлігінің мас жүргізушісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған. Көліктегі екі полиция қызметкері де мерт болды. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада көз жұмған еді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір