• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 08:44:15
Алматы
+35°
Белгілі журналист, жазушы Дәурен Қуат facebook парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірін қалдырды.
 
"Бәлкім, уақыттың тегеурініне шыдау мүмкін болмаған шығар, бәлкім, саяси жүйенің талабы мен саяси жүрістірінен алданып қалмаудың қиындығынан қиындық көрген шығар, көп жігіттер өздері қоғамдасып құрған биліктен қашты, қаштыңыз не, қарсы шықты. Сол кезде мызғымаған бір адамды білемін, ол – Қаскең – Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев дегені кісіңізді мен ұлтын, қазағын сүйетін, сүюдіңің сұмдығы мен шындығына шыдап, төзе білетін тұлға деп білемін. Қисатпай, қиратпай қазаған мына қым қуат заманнан алып шығу оған аманат.
Ал енді, ресми мәлімет: Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған үндеуін қанағаттанарлық сезіммен оқып шықтым. Қазақстан бүгіндері әлемдік демократиялық үрдістерге үн қатып, мемлекетіміздегі саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасап келе жатқанын көріп отырмыз. Осы орайда жаңа ұстанымдарға байланысты парламенттік оппозиция институтын қалыптастырып, заң шығарушы органның бір коммисиясына төрағалық етуді, сонымен бірге екі хатшының оппозициялық депутаттар арасынан сайлануы бұрын-соңды болмаған үрдіс екенін айтқым келеді. Бұл көзқарастар мен пікірлердің саналуандығы мен қабылданатын шешімдердің жан-жақтылығын қамтамасыз етеді деп сенемін.
Жаңа тұжырымдамада сонымен бірге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота берілуін нақтылай түседі. Бұрын бұл мәселе ауызша ғана сөз болып келсе, енді орындалуы тиіс құжат болатыны түсінікті. Демек, Президентіміз айтқандай, бұрындары шетқақпай көріп келген әйелдер қауымы мен жастар Парламетте ғана емес, жергілікті органдарға да кеңінен тартыла бастамақ.
Үндеуде айтылған мәслихаттар сайлауының партиялық тізім бойынша өтуі көптен бері қоғамда талқыланып келе жатқан дүние. Одан кейін жергілікті әкімдердің сайланып қойылуы өз шешімін табады деп сенемін. Осылайша демократия құндылықтары күнделікті өмірімізге еніп, қазақстандық қоғамның ізгіленуі жеделдей түспек" делінген жазбада.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дәурен қуат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір