• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:35:24
Алматы
+35°

Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Карабах мәселесінде Ресей ұстанымы о бастан белгілі екенін айтып, Армения басып алған 7 ауданды Әзербайжанға қайтару мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап өтті, деп жазады Известия басылымы. 

Путин Таулы Карабах аймағындағы 7 ауданды Әзербайжанға қайтару идеясы Ресейдің берік ұстанымы екенін жеткізіп, әр тарап өзінікін дұрыс деп санайтындықтан, Таулы Карабах дауында жеңіл шешім болмайтынын айтты.
 
– "Баку 7 ауданның Арменияға да, Таулы Карабах мәселесіне де еш қатысы жоқ, бұл тарихи тұрғыда Әзербайжанның жері. Оны қайтарып алуға біздің толық қақымыз бар деп отыр. Әркімнің өз шындығы бар, – деді Путин.
 
Ресей президенті қос тарап мүддесі үшін тиімді келісім жасалған кезде ғана конфликт шешіледі деген пікірде

Таулы Карабақтағы кезекті қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Тараптар жанжалдың басталу себебін бір-бірінен көреді. Армян және әзербайжан күштері арасындағы ұрыс бірнеше фронтта жүрді. Ұрыста дрондар, артиллерия, ауыр техника мен ракеталық кешендер қолданылды. Екі жақтан да бейбіт тұрғындар опат болған.

10 қазанда Армения мен Әзербайжан гуманитарлық мақсатта Таулы Карабахтағы атысты тоқтатуға келіскен.

 

Алайда даулы аймақтағы әскери ұрыс әлі жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Таулы Карабах

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір