• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:13:53
Алматы
+35°

"Намыс" жастар қозғалысының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа петиция тапсырды. Петропавлға барған белсенділер СҚО орталығына байырғы Қызылжар атауын қайтаруды талап еткен. Сонымен қатар жастар орыс саясаткерлерін орнына қою  "билік тізгініндегі" азаматтардың міндеті екенін айтқан. 

Жақында Ресей думасының депутаты және "Большая игра" бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов "Первый канал" мемлекеттік телеарнасының эфирінде "Қазақстан аумағы – Ресей тарапынан жасалған сый" деп мәлімдеме жасаған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі депутатқа жауап берсе де, мұндай сарындағы мәлімдемелердің айтылуы тоқтамады. Соған байланысты "Намыс" жастар қозғалысындағы белсенді топ өздерінің парақшасына жариялаған видеода аталмыш мәселені де көтерді.

–  Өздеріңізге мәлім, көршілес Ресейдің кейбір сайқымазақ саясаткерлері Қазақтың қанмен келген жерін сыйлық деп өздерін «жомарт» қылып көрсетіп жүр. О заман да бұ заман, топыраққа таласып шыр-пыр болған адамзат баласы бір қарыс жер үшін қандас қанын төккені тарихтан белгілі. Егер, Ресей шынымен де жомарт болса, дәлелдесін. Қарамағындағы талай ұлтты Қырымды Украинаға, Орынборды Қазаққа қайтарсын!

Ал, Петропавл, Павлодарға келсек, Шәкен Айманов, Қаныш Сәтпаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев сынды неше түрлі алыптарды өмірге әкеліп, қанат бітірген өлкені Қазаққа Құдай сыйға тартқан. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде мемлекеттік маңызы бар қала атауын қазақшалай алмау қазақтығымызға сын. Бұл жер қашаннан біздің жер!

Ел басында, билік тізгінінде отырған ағалар келесі жүріс сіздерде. Сала құлаш тілі бар, сөзден қайтпас түрі бар орыс саясаткерлерін орнына қою сіздердің ата-бабалар алдындағы міндетіңіз, болашақ буын алдындағы борышыңыз.

Бүгін мәселені шеше алмасақ, болашақ алдында ұяттымыз. Келер ұрпақ жарты ғасыр осыны айтпай, өзгертпей не істедіңіздер десе, не бетімізді айтамыз?! Осыны елге естірту үшін бүгін Алматыдан Мағжан атамыз туған өлкеге арнайы келдік. Отыз елдің қатарына кіру алдында тұрған Тәуелсіз елге қала атауын ауыстыру үшін 30 жыл қажет емес. Тағы қанша жыл күтуге болады?!, – деллінген жастардың үндеуінде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір