Президент Тоқаев ҚХА атынан парламент мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс берді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXVIII сессиясына қатысып, ҚХА атынан парламент мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс берді" делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін экс-президент, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді.

Қазақстан халқы ассамблеясының атынан тоғыз депутат парламент мәжілісіне сайланады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір