• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:37:46
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Португалияның қайта сайланған президенті Марселу Ребелу де Соузаны құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Сайлаудағы жеңісіңіз – халқыңыздың сізге және Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығы мен оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған сарабдал саясатыңызға деген сенімінің айқын дәлелі екені сөзсіз. Осы тұста сіздің қажырлы еңбегіңіз еліңізді бүгінгіден де биік белестер мен тың табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін.

Қазақстан мен Португалия арасындағы дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогты, әлеуеті жоғары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында сізбен бірге күш-жігер жұмылдыратынымызға сенімім мол" делінген жеделхатта.

Сайт мәліметінше, президент Португалияның еуропалық одақ кеңесіндегі жақында басталған төрағалығына толағай табыс тілеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі жан-жақты байланыстардың өрістей түсетініне зор үміт артатынын атап өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір