• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:28:14
Алматы
+35°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар өтінімінің қабылданбау себептерін түсіндірді.

Өтінімдердің қабылданбау себептері:

  • Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
  • Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
  • Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
  • Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
  • "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
  • Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2021 жылдың 16 ақпандағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 134 709 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде 5 420 өтініш жұмысқа қабылданса, 42 579 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған.

Жалпы сомасы 469 млрд теңгеге 86 710 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 млн теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір