• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:28:55
Алматы
+35°

Бір тәулікте елде 2682 адамнан коронавирус табылып, 156 науқастан пневмония анықталған. 22 адам короновирустан, 4 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 314 082 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 52 025 адамнан пневмония анықталған.

28 сәуірдегі ақпарат бойынша 42 486 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 705 пациент стационарда, 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 770 адамның жағдайы ауыр, 193 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 28 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 016 809 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір