• USD 426.77

  • EUR 509.95

  • RUB 5.89

  • CNY 66.34

18 Маусым, 12:10:20
Алматы
+23°

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін "URKER – 2021" ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады urker-awards.kz сайты.

Байқауға еспублика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Конкуртық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуға тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

  1. Жылдың үздік фотосуреті
  2. Жылдың үздік репортажы
  3. Жылдың үздік аналитикалық материалы
  4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  5. Жылдың үздік сұхбаты
  6. Жылдың үздік танымдық материалы
  7. Радиостанциядағы үздік жоба
  8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  9. Жылдың үздік газеті
  10. Жылдың үздік журналы
  11. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

Биылғы жылы ұйымдастырушы комитет елдің тәуелсіздік жылдары қалыптасуына арналған жұмыстарға арнайы номинация енгізді.

Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына енген кәсіби журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және Әзірбайжан мен Германияның халықаралық медиа-сарапшылары  жұмыстарды бағалайтын болады.

Ұлттық бәйге жеңімпаздары «Үркер» естелік мүсіншесінің және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлықтың иегері болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір