• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:13:45
Алматы
+35°

Малайзия Сыртқы істер министрлігі сейсенбіде Малайзияның әскери күштері Оңтүстік Қытай теңізі үстінде "күдікті" әрекетті анықтағанын хабарлады. Кейінірек  Қытай елшісін шақырып, Малайзияның эксклюзивті экономикалық аймағына Бейжің күштерінің кіруін түсіндіру керектігін мәлімдеді.

Малайзияның әскери-әуе күштері Қытай соғыс ұшақтары территорияға кіргеніне наразылық білдіріп, бұл оқиғаны "ұлттық егемендік пен ұшу қауіпсіздігіне үлкен қатер" деп сипаттады.

"Қытай ұшақтары бірнеше рет нұсқаулық берілгеніне қарамастан, аймақтық әуе қозғалысын басқару орталығымен байланысқа шықпады" деп хабарлады Малайзия әуе күштері. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Малайзия Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір