• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:29:53
+35°

Әлеуметтік желіде автотұрақ қызметкері мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында туындаған жанжал видеосы тарады. Видео almaty_kris_p Instagram парақшасында жариялады. 

Видеода автотұрақ қызметкері көлік жүргізушісін жұлқылап, балағат сөздермен "100 теңге төле", "Терминалдың қуаттағышы бітіп қалды 200 теңге төле" дегені естіледі.

Сондай-ақ тағы бір адамның жеңіл көлік жүргізушісін балағаттап, қол көтергенін көруге болады.   

Көлік жүргізуші терминалға ақша төлемек болып, сонда жұмыс істейтін 3 қызметкердің атын сұрайды. 

Осыдан 4 ай бұрын, 30 наурызда "Алтын Орда" базарында көлік жүргізушісі мен автотұрақ қызметкері арасында келіспеушілік болған.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ALMATY_KRIS_P|21+?? (@almaty_kris_p)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір