• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 20:29:43
Алматы
+35°

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Токио олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шыға алмады, деп хабарлады Olympic.kz

Жартылай финалда Баландин 200 метр қашықтықты 2:09.22 уақытында жүзіп өтті. Бұл нәтиже финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Баландин іріктеу сынында 2:08,99 көрсеткішімен 7-інші орын алып, жартылай финалға шыққан еді.

Бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші кезеңнен өте алмаған.

Қазір Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасында жеңіп алған үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір