• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:53:39
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Байзақ ауданында өрт шыққан әскери қоймада тағы да жарылыс болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.  

"26 тамызда өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні сағат 12:20 шамасында жарылыс даусы естілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында адам болмаған" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

26 тамыз сағат кешкі 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша 10-нан астам жарылыс болған.

Соңғы мәлімет бойынша оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапқан. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы 3 адам іздестіріліп жатыр.

Бүгін, 29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір