• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:11:23
Алматы
+35°

Ресейдегі Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Литва, Латвия, Эстония, Польша, Молдова және Қазақстанға Украинадағыдай денацифицикация мен демилитаризиция жүргізу керектігін, басқаша айтқанда басып кіру керектігін мәлім етті. Осылай делінген құжатты ресейлік "Яблоко" партиясы Мәскеу филиалы басшысының орынбасары Кирилл Гончаров facebook парақшасына жариялады.

"Украинадағы демилитаризация мен денацификация Украина, Ресей мен Еуропа халқының тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ресей толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі үшін Украинадан бөлек денацификации мен демилитаризацияға Прибалтиканы (Литва, Латвия, Эстония – ред.), Польшаны, Молдова мен Қазақстанды қосқан дұрыс болады деп санаймын" дейді Сергей Савостьянов ресми құжатта.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кіргенде, Украинада "демилитаризация" (қарусыздандыру) мен "денацификация" (нацистік идеологиядан тазарту) жүргізуді мақсат етіп отырғанын мәлім еткен.

Бұған дейін де Ресей шенеуніктерінің тарапынан Қазақстанға қарата арандатушылық сөздер, елдің аумақтық тұтастығына нұқсан келетін мәлімдемелер айтылған. Қазақстан билігінің өкілдері ондай мәлімдемелер Кремльдің ресми ұстанымын білдірмейді, тек жекелеген адамдардың сөзі дегенді әлденеше рет қайталаған. Ал жақында мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейдің Украинаға басқыншылығы туралы ашық айтқысы келмейтінін, оның көзқарасы Қазақстанның ресми ұстанымын біодіргендей болып қалатынын жеткізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір