– Жуырда менің Жарлығыммен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы комиссия құрылды. Бұл комиссия заңсыз жылыстатылған қаражатты елге қайтарумен айналысады. Оның жұмысы ұдайы қоғам назарында болады. Халық бізден бос уәде емес, нақты нәтиже күтеді, – деді президент.
Президент елден заңсыз шығарылған капиталды барлық заңды рәсімдерді сақтай отырып қайтару үшін белгілі бір уақыт керек екенін айтып, ведомствоаралық комиссияның қызметі жөнінде жұртшылыққа жүйелі түрде хабар таратып отыруды тапсырды.
Пікір қалдыру
пікір