• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:29:11
+35°

Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқор деп танылғандардан тәркіленген ақшаға мектеп құрылысы қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлады Ulysmedia.kz сайты.

"Біз заңнамаға, бюджет кодексіне арнайы нормалар әзірледік. Онда мұндай (теркіленген) ақшаны алуға болатын Қаржы министрлігі жанынан арнайы бөлек шот қарастырылған. Құқық қорғау органдары бұл жұмысты қамтамасыз етеді. Тиісті шешім шығарылған жемқорлар үшін қаржы Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсіп жатыр" деді Әлихан Смайылов Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Смайловтың сөзінше, қазірдің өзінде бюджетке шамамен 50 млрд теңге түскен.

"Біз жақын арада бұл сома 100 млрд теңгеге дейін өседі деп күтудеміз. Бұл қаражат мектеп жетіспейтін өңірлерде, үш ауысымдық білім беретін, төтенше жағдай орын алған өңірлерде мектеп салуға бағытталатын болады" деді ол.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір