• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:04:57
Алматы
+8°
 

Ресейдегі коммунистік партия фракциясы баспасөз қызметінің басшысы Александр Ющенко Қырғызстанның ел астанасы Бішкектегі кеңес атауларымен аталып келе жатқан аудандардың атын ауыстыру туралы шешімін "кеңес кезеңіне түкіру" деп атады. Бұл туралы ол ресейлік Газетой.Ru басылымына айтқан.

Ол қырғыз билігінің бастамасына теріс қарайтынын, Қырғызстан Кеңес одағы құрамында болған Балтық елдері, Украина секілді жолға түсіп бара жатыр деп санайтынын жеткізген.

"Әңгіме Қырғызстан Кеңес одағы тұсында экономикасы мықты ел болып қалыптасып, соның арқасында дербес мемлекет атанғанында. Оның бар потенциялы кеңес кезеңінде қалыптасты. Сондықтан кеңес кезеңіне түкіру – алысты көре алмау, қорлау. Осының бәрін жасаған аға буынды сыйламау" деген ол мұндай істердің артында АҚШ пен ұжымдасқан батыс елдері тұр деген пікірде.

"Русофобия мен антикеңестік ұстаным Ресейге қарсы әрекетпен қатар жүріп келеді. Бұны АҚШ пен ұжымдық батыс елдері бұрынғы кеңес елдерінің аумағына енгізіп отыр. Ендігі сынақ орны ретіндегі кезек Қырғызстанға келген сияқты. Одан кейін әрекет Қазақстанда жалғасуы ғажап емес. Ел билігі келешекті болжап, Украина сияқты сынақ елге айналмас үшін жағдайды бірнеше қадамға көре ала ма, бұл – өз алдына бөлек әңгіме" дейді Ющенко.

Бұған дейін қырғыз парламентінің спикері Нұрлан Шакиев жалпыхалықтық құрылтайда Бішкектегі барлық аудан атауын қырғыз тіліне ауыстыруға шақырған. Қазіргі уақытта Бішкекте Ленинский, Первомайский, Октябрьский және Свердловский аудандары бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: деколонизация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір