• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 15:03:30
Алматы
Республикалық дағдарыс орталығы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы басталғаннан бері ел бойынша 26 технологиялық ақау болған.
 
Оның ішінде:

– автономды қазандықтарда – 2 (Ақмола және Алматы облыстарында);

– жылумен жабдықтау желілерінде – 11 (Жетісу – 1, Қарағанды – 7, Павлодар – 1, Астана-1, Алматы-1);

– сумен жабдықтау желілерінде – 13 (Абай – 1, Ақмола – 2, Алматы – 1, ШҚО – 1, БҚО – 1, Қарағанды – 1, Павлодар – 1, СҚО – 2, Ұлытау – 1, Астана-2).

"2015-2022 жылдар аралығында әртүрлі қаржыландыру көздерінен жылу жүйелерінің құрылысы, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 3 667 км инженерлік желі салынып, қайта жаңартылған. Осылайша, жалпы тозу деңгейі 65%-дан 53 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 51%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуының жалпы көрсеткішін 45%-ға дейін азайту көзделіп отыр" делінген дағдарыс орталығы хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жылу желілері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір