• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 20:59:24
Алматы
+35°

02 Қыркүйек, 2024 NEWS

Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектеп ашылды

2024 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, белгілі әнші, Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылуы өтті. Бұл туралы Dimashnews сайты жазды.

Фото: ашық дереккөзден

Мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.

Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі (BTCS) – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы. Мұнда балалар негізгі білім алатын пәндермен қатар креативті факультеттерде өздерінің шығармашылық таланттарын дамыта алады.

Әр түрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультеті аясында өтеді.

Digital факультеті бағдарламалауды, веб-әзірлеуді, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы әртүрлі озық технологияларды үйретеді.

Бейнелеу өнері, графикалық және архитектуралық дизайн арқылы балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған арнайы Аrt факультеті сыныбы да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір