• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 05:32:26
Алматы
+8°

19 Қараша, 2015 NEWS

«Құнанбай» фильмін көрсетуден еліміздің кинотеатрлары бас тартып отыр (ВИДЕО)

Халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың әкесі, туралы «Құнанбай» кинокартинасы осы жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілген. Бірақ, белгісіз...

Халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың әкесі, туралы «Құнанбай» кинокартинасы осы жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілген. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты қараша айына шегерілді. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы baistars.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Классика радиосының журналисі Зира Наурзбаева фильмнің режиссері әрі басты рөлді сомдаушы Досхан Жолжақсыновқа мәселенің мән-жайын білмекке хабарласқан. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді. Фильмнің көрерменге жетуі үшін көп жерге барып, шаршағандығын жеткізген. Тек, «Арман» кинотеатры 26-қарашада көрсететін болып келіскен. Басқа қалалар да 2-3-желтоқсан күндері көрсетуге уәде беріп отыр. Осындай жағдай орын алғандықтан «Құнанбай» фильмі кешеуілдеп жатыр», делінген дерекөзінде. 
Еске сала кетейік, Астанада 2015 жылдың 15 мамырында Қазмедиа орталығында фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмді ең бірінші шығысқазақстандықтар 13 мамыр күні тамашалады. Ал прокатқа 25 мамырдан бастап шығады деп жоспарланған болатын.  
Бұл - Досхан Жолжақсыновтың екінші режиссерлық жұмысы. Бұған дейін «Біржан сал» фильмін түсіріп, онда да басты рөлді ойнаған болатын. Фильм сценариін Досхан Жолжақсынов, Таласбек Әсемқұловпен бірлесе отырып жазған. Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысында түсірілген. Сол заманның тыныс-тіршілігін көрсету үшін қаншама деректі материалдар жинақталып, тарихи құндылықтар қайта жаңғырды. 
Табиғат аясына 150 киіз үй тігіліп, фильмде үш жүздің жүйрігі жарысқан бәйге, балуандар күресі, әнші-жыршы, күйшілердің сайысы да көрініс тапқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір