Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге туған жері – Қарағанды облысының Майқұдық ауданында алтыннан мүсін орнатылуы мүмкін. Қазір мүсіншілер жобаны әзірлеп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап.
Мүсінші Гамал Сагиденовтің айтуынша, қазір ол жобаны жан-жақты талқылап жатыр. Геннадийдің мүсінін жасау – оның жанкүйерлерінің идеясы екен. Қарағандының бұл ауданында спортшының достары көп болғандықтан, олар «алтын» мүсін жасау идеясын ұсынған.+
Қазір екібастұздық мүсінші мүсіннің макетін жасап жатыр. Әзірге ол «боксшының басын» ермексазбен ғана дайындап қойды. Мүсіннің өзі адам бойынан бір жарым есе биік болады және алтын жалатылған бояумен боялады. Сондай-ақ спортшының жанкүйерлері тапсырыстың ақшасын төлеуге қаражат жинап жатыр.
«Мен, қалайда, бұл жұмысты аяғына дейін жеткіземін. Әдемі мүсін жасап, оған граниттен тұғыр қойып, жан-жағын абаттандырғым келеді. Мүсінді жасауға көп уақыт кетпейді. Бір ай ішінде аяқтай аламын. Бастысы, барлығын келісіп алу керек, яғни, қоятын орнын, құжаттарын келісу т.б. жұмыстарды реттеу керек», - дейді Гамал Сагиденов.
Қазір жанкүйерлер құжаттарын ресімдеп, мүсіннің қойылатын орнын келісіп жатыр. Егер идея қолдау тауып, жергілікті билік органдары бекітсе, онда мүсін «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылады.