ЖЫР– ЖЕБЕ

/uploads/thumbnail/20170709015056342_small.jpg

Адамзат қоғамында қу құлқынның құлы болып, елі ,жері, Отаны үшін, бір сәт  зәредей  болса да  пайда келтіруді ойламай, тек өз мұдесі, өз қарнының қамы, жалған, жасанды  атақ–аброй қуалап, халық байлығын, мемлекет қазынасын  мейлінше талантаражыға салып, шектеусіз кеткен шендісымақтарды безбендеп, тәртіпке салып, мемлекет болашағына зор сенім орнатқан, халықтың шынайы сеніміне кіріп, алғысты-алқауына шексіз бөленген  ҚХР – ның мемлекет төрағасы ШиЖинпиң, әлемдегі әр елді билеп –төстеп отырған барлық ұлықтарға үлгі-өнеге  боларлықтай.

Адамзат баласы үшін, әділдік жолынан таймаған кез-келген пендені  алқауға тиіспіз деп ойлаймын.                             

ӨР ТҰЛҒА

(Ши Жиңпіңге)

 

Жұқпа ауыру секілденген қауыпты,

Жымысқы ұрлық жылы мекен тауыпты.

Іште ұлыған арам нәпсі ышқынып,

Етекті өрлеп төске қарай шауыпты.

 

Өрмекшідей өрнекті тор құрып,

Әр бір сала өз алдына жол бұрып,

Қазынадан бөлінгенді бөлшектеп,

Бәрін “заңды жасап алған” болдырып.

 

Ырық бермей еркін кеткен ессіздер,

Көрмегенсіп көрсоқырлар, көзсіздер,

Билікті аттап, заңды таптап, менменсіп,

Бейберекет кетебарған бетсіздер.

 

Басы зеңіп, көз мұнартып, тантырап,

Тұрған шақта дімкас қоғам қалтырап,

Ерен елдің аспанында арайлап,

Жақұт жұлдыз шыға келді жарқырап.

 

Әбес сөздер жаңғырығып қашанғы,

Кіл өтірік мүсінделіп қашалды.

Бәрі жақсы, бәрі мықты жолдаулар,

Баяндаулар балдан тәтті жасалды.

 

Сөйтіп біраз мадақ-мақтан басталды,

Көбік сөздер күркіретіп аспанды.

Халық бір жақ, қалта бір жақ жіктеліп,

Қайсы керек ?

ортаға ой тасталды.

 

Тазармаса ішер суы, ауасы,

Ласталса айналасы, ауласы,

Қабығынан шірік шалса бәйтерек,

Ауырудың табылмайды дауасы.

 

Өзегінен құрт кемірсе өскінді,

Қамықтырмай қоймас сірә ешкімді.

Дәрі сеуіп, құрт өлтіріп, тазартпай,

Қараң қалар тіршілігі бес күнгі.

 

Айбат шеккен кейбіреуге кіжіне,

Қарамады шенді-шекпен жүзіне.

Бассыз кетіп бағытынан тайғанды,

Баппен акеп қайта салды ізіне.

 

Мемілекет қазынасын кемірген,

Майдан құрып майкеңірдек жемірмен,

Дәл шағында қажет тәртіп орнатып,

Жөнге салды тексіздерді тебінген.

 

Міне нағыз парасатты ер деген,

Қу нәпсінің құлқынына ермеген,

Ашық , адал пікірлесіп жұртпенен,

Жүдегеннің жүрек қылын тербеген.

 

Міне нағыз парасатты ер деген,

Көңіл көгін пенделікке бермеген.

Әділдіктің алтын алмас қылышын,

Ақиқаттың айдынында сермеген.

 

Міне нағыз парасатты ер деген,

Сумаңдаған суық сөзге сенбеген.

Жамағайын жамағатпен кеңеске,

Бұрын соңды еш бір көсем келмеген.

Келген күнде , оң назарын бөлмеген.

 

Міне нағыз парасатты ер деген,

От жүрегі Отан деген, ел деген.

Көтеріліп рухы биік халықтың,

Сусыны бір қандау шіркін шөлдеген!

 

Әділдіктің туын биік ұстаған,

Даналықтың даңғыл жолын нұсқаған,

Арқалаған ауыр жүкті азамат,

Биігінен ешқашан да ұшпаған.

........................................

Сөйтіп халық мүдесінен табылды,

Отан деген қайсар жүрек жалынды.

Қуаныштар көз жасынан тасқындап,

Алғыс хаттар, ақбаталар ағылды.

 ( Ши Жиңпиңше рухпен )

           * * *                                                                      

Жұрт көзінен қалқалап,

Қазынаны  қалталап,

Ұрылар үптеп, үдіре

Шетелге тартты арқалап.

 

Пейілі лас, сұрықсыз,

Иманы өлген рухсыз,

Опасыздар көбейді,

Отан десе құлықсыз.

 

Жалған уағда бергені,

Жағымпаздық көргені,

Жандайшаптар жалмаңдап,

Өрып жүрғой өлгелі.

 

Тек шындыққа қарысы,

Тапқан арам табысы,

Ала аяқтар қаншама,

Жын сасыған намысы ?!

 

Қоғам солай ласталды,

Қоқыс жауып аспанды.

Қаны таза халық ек,

Қайдан пәле басталды ?!

 

Қане, қалай тиямыз,

Жолын қайтып  қиямыз.

Қайтсек аман қалады,

Отан –ұлы  ұямыз ?!

 

               * * *

 

Халыққа қас, қансыздар–

Ардан безген арсыздар,

Отан сатқан оңбаған,

Қаптап кетті “жансыздар”.

 

Жан берісіп  мақтаған,

Жан алысып жақтаған,

Шылғи суайт-сұмырай,

Жан-жағымыз қаптаған.

 

Ойланбасақ болмасты,

Өмірімізді шаң басты.

Халқым деп қан жұтпаған,

Адам емес, “албасты”.

 

Қорғамасақ болмасты,

Қорлық деген қом басты.

Отан деп өре тұрмаған,

Өмірінде өңбасты !

            * * *

Тебінім қатты  лашынмын,

Алмасым өткір асылмын.

Дұшпанға  қатал қаһарлы,

Жарылып түсер жасынмын.

 

Шабысым дара тұлпармын,

Қағысым қатты сұңқармын.

Қырқысқан жаудың, қирғиша

Қылшадай мойнын қырқармын.

 

Найзағай оттай намысым,

Қылпыған қылыш шабысым.

Тиіп бір кетсең тыз етіп,

Оталып кетер қамысым.

 

Оталап кетсе қамысым,

Өзіңмен болар бар ісім.

Не болатынын білебер,

Айтпаяқ қойдым арысын.

 

   АЗАМАТТЫҢ АЙТАРЫ

Қалдырып табын етіне,

Шыжғырып басып бетіне,

Айыбын айтып арсыздың,

Запыран құям өтіне.

 

Жеріне жете жеткізем,

Шындыққа тағзым еткізем.

Қылмысын ашып қиқардың,

Өңменінен сөз өткізем.

 

Қоғамның айтам былығын,

Мисыздың сөгем қылығын.

Жаманды жаба жасырман,

Былғапта жүрген тұнығын.

 

Жемқорды айтам желіккен,

Көңілін көптің жеріткен.

Ойқастап жүрсе ортада,

Жазаға тартпан неліктен ?

 

Әділін істің айтамын,

Қазағым–халқым, байтағым.

Соқтыққан саған сотқардың,

Аламын қағып сайтанын.

 

Ащы айтты деме сен мені,

Айтпасам сөздің өлгені.

Қайрат тұтар халықтың,

Біз емеспіз бе  сенгені ?!

 

Сенгені семсе не болмақ,

Тағдырға тамұқ омалмақ ?

Басына төніп түнек түн,

Сейілді күндер жоғалмақ.

 

Найзасын тілдің түйреймін,

Намысты өрге сүйреймін.

Отаным үшін от құшып,

Күйресем, бір-ақ күйреймін!

                                                                     

     ҰСТАНЫМ

Адалдық туын ұстадым,

Арамдық атау дұшпаным.

Шыңына шығу шындықтың,

Мендегі берік ұстаным.

 

Бүл жолда берік майданым,

Белімді бекем байладым.

Қайнатып сорын дұшпанның,

Алдыма салып айдадым.

 

Жақсылықпенен селбесем,

Жат қылық көрсем белдесем.

Қайырда қылып қайту жоқ,

Тепкілеп жерге көмбесем.

 

Талқандап кетем ерлесем,

Көрерсің әлі сенбесең.

Жалғандық атау жауызды,

Жеңемін түбі өлмесем!

 

Шаяхмет ҚАЛИҰЛЫ

Связанные Статьи