Кейбір БАҚ-та тараған «МС Сайлаубекті белгісіз біреулер атып кетті» деген ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ішкі істер департаменті тараған ақпарат бойынша тексеріс іс-шараларын жүргізді. Тексеріс нәтижесінде анықталғандай, жоғарыда аталған азамат қаланың медициналық мекемелеріне қаралмаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайы тексерілуде. Ақпаратттық сайттарда тараған мәліметтер расталса, одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады. Ішкі істер департаментінің өкілдері әзірге жалған ақпарат таратпауды сұрап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін кейбір ақпараттық порталдар Алматы түнгі клубтарының бірінде рэпер МС Сайлаубекті белгісіз біреулер атып кетіп, ізін жасырғанын жазған болатын. Сондай-ақ, рэпердің продюсері Аслан Бақытжановқа сілтеме жасап, оның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тараған.
Айта кетейік, makeup_almaty инстаграм парақшасында визажисттер МС Сайлаубектің қанға боялған видеоларын жүктеген болатын.