Танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Полиция оған ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айып таққан. 72 сағат ішінде оған сот бұлтартпау шарасын белгілейтін болады.
Бақытбек Есентаевтың кінәсі дәлелденсе, қылмыстық кодекстің аталған бабында үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Куәгерлер оқыс оқиғаның кеше сағат күндізгі ондар щамасында Алматы облысындағы Құлжа тасжолының бойында болғанын айтады. Олар жол бойында белгісіз азамат бір келіншекті соққыға жыққанын, кейін екеуінің көлікпен белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.
Кейін Баян Есентаеваның Талғардағы орталық ауруханаға жеткізілгенібелгілі болды. Дәрігерлер продюсердің денсаулығы ауыр бошлғанымен қалыпты деп отыр. Б. Есентаеваның бас сүйек-ми жарақатын алғаны, сондай-ақ мұрны сынған, пышақ жарақатын алған. Қазір тиісті ота жасалып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Продюсердің күйеуі бұған дейін казинодағы төбелеске байланысты басы дауға қалған болатын.
Баян Есентаева 1974 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Продюсер, әнші, актриса, тележүргізуші. Shine Production продюсерлік компаниясының басшысы.