Қазақстан алдымнан қарсы алып ал

/uploads/thumbnail/20170709025315592_small.jpg

Уақыттан сыртылдап тіл шығып тұр,

Жаңа заман жаңадан тіршілік қыл.

Кеше бабам еккен тал қурап барып,

Қайта көктеп дәл қазір бүр шығып тұр. . .

Тарихытың албомын жасап жатқан,

Мас тағыдырлар алдыдан ашар қақпан.

Қазақстан Аралап аймағыңды,

Қайыратымды берейін тас аунатқан.

Сан ғасырын саралап алып кеткен,

Жылаған талай өліп ғарып көктем.

Тәңір таудың тасына тамыр тартқан,

Мен қазақтың қанымын тамып жеткен.

Тауларына бас ұрған бар заңдылық,

Бөрісі жұр әттең-ай сарсаңда ұлып.

Тоғайыңда тосырқап адасқанмен,

Жүрсем сүйіп тамырлы аршаңды құт.

Жылдарға орап жымсқы күйбеңімді,

Күндерге орап көңілсз күйлерімді.

Мезгілдердің мезеттік масайырауы,

Сағымдарын сүйретіп билеп жұрды.

Байтақ дала бұйырған маңдай жарық,

Ата-мекен аңсаймын таңдай қағып.

Жетермін желдей есіп сүйе құшып,

Тірі қазақ өлсінбе, бармай қалып?!

Уақыттың тісінде шайналып көп,

Бабалар өткен екен айланыс жоқ.

Бар қазаққа шақырту табақ тартып,

Барғандарға кел дедің қаймақ іш деп.

Аз ғұмырды жел-уақыт жеміріп жұр,

Қашан мұрсат береді тегі құрғыр.

Миллион қазақ халқының құшағы ашық,

Бөріміз ғой қашанда тегіміз бір.

Өшірмей шырақтарын тірлгімнің,

Арнаймын бағызы бақ жырдың гүлін.

Қазақстан қарсы алып алдымнан шық,

Барады қайта айналып бір құлының.

2016. 6. 17.

Ей, адамдар!

Ей, адамдар!

Өмірде тырбыныңдар,

Тырбыныңдар, ойланыңдар құлдығым бар!

Секеңдеп ор қояндай кеткен минот,

Тоқтамайды көрсетіп шындығын дәл.

Жалғандықтан көздеген пайданы көп,

Жамандықтар мес қарын ойламы жоқ.

Тыныш жатқан кең дала болғанымен,

Жақсылқсыз Адамның аймағы жоқ.

Сұрқиялық Сұстанса адалдыққа,

Арашалап жаладан ала алдықпа?

Бетке ұрады намыспен ұждан күйіп,

Ей адамдар жол алсаң һарамдыққа.

Ізгіліктің махаббатпен жолы бірдей,

Адасқан адамдар-ай соны білмей.

Шынайылық шыңғырса шыңырауда,

Жалғандықтар жер құшар жөні келмей.

Қызыл тілден сорғалап күналарі,

Өсектер желдей есер құрамалы.

Иманының құнын білмес жүректер бар,

Алладан байлық қана сұрағаны.

Шыға алмаймыз тағыдырдың уысынан,

Тамшылатып жаңбырын бу ұшырған.

Адамдар ерегеске таңырқама,

Жаратқан қайшылқтан тумысыңнан.

Мәртебе мен мансапқа жүгірген ел,

Бірің шарқыш болсаңда бірің кемел.

Пайда іздеп тірлкте жүгіргенмен,

Өлгенсөң біз көрмедік тірлген ел.

Ағызып мейірімнің ақ бұлағын,

Мәңгі өлместің адамдар тап тұрағын.

Жамандықты көкпар ғып тақымыңа,

Жақсылықты тұлпар ғып шапқыла мың.

2016. 6. 16.

Нұрлан Ермекбай

Связанные Статьи