Жаңбыр суы Алматыны әурелеп тұр (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709025344202_small.jpg

Кеше Алматыда жауын жауды. Ұзақ күнгі ыстықтан кейінгі жаңбырға жұрт қуанса керек еді. Қуана алмады. Қуана алмаған себебі қаланың коммуналдық жүйесі жаңбыр суына дайын болмай шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Көше бойындағы арықтар ернеуінен асып, аяқжолдарды су басты. Сай-сала түгел суға толды. Тіпті метро стансасына дейін су кіріп, жолаушыларға қолайсыздық туды.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған «Алғабас» ықшамауданындағы үйлердің де жағдайын мына жаңбыр әшкерелеуде. Үйлердің төбесі жаңбыр суына төтеп бере алмады. Соңғы қабатта тұратын тұрғындар үйлерінің пәтерлерінде нөсер жауын болғанын айтуда. Интернетке жүктелген видео мен фотода есеп жоқ.

«Алғабастан» бөлек қаланың «Шаңырақ», «Өжет», «Дархан» сынды жер үйлер де жаңбыр суының құрсауында қалып отыр.  

Ал, синоптиктер жауынның әзір тоқтамайтынын айтуда...

Связанные Статьи