Рианнаның хитын әншінің өзінен асыра орындаған алматылық бала жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709032804787_small.jpg

12 жасар алматылық Әлихан Бұлдыбаев Рианнаның орындауындағы хит әнді айтып, жұртты таң қалдырды. Әлиханның студияда ән орындау сәті түсірілген видео желіде жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Төрт жасынан бері спорттық бимен әуестенетін Әлихан бұған дейін ешқашан вокалмен айналыспаған көрінеді.

Сондай-ақ, Әлихан бес жасынан бастап музыкалық мектептің скрипка сыныбында тәлім алғанын, 2013 жылы Барселонада өткен скрипкашылар байқауында 2-орын иеленгенін де айта кету керек.

Даусы мен есту қабылеті ерекше Әлихан болашақта Калифорния өнер институтына оқуға түсіп, әнші, актер болуды армандайды.

Оның Рианнаның әнін таңдауында да мән бар. Барбадос әншісі баланың ерекше сүйіп тыңдайтын әншісі. Сондай-ақ, ол Шакира, Бейонсе, Сии, Адель, Джей-Зи, Эминем, Imagine Dragons, Maroon 5, Black Eyed Peas сынды шетелдік жұлдыздардың әндерін де сүйіп тыңдайтын көрінеді.

Связанные Статьи