Танымал әнші Төреғали Төреәлі Шымкентте шу шығарды. Себебі ол бірден ашуға булығып, оның қасына әкесі әрі продюсері де қосылып, іс шараға келген бір топ журналистерге сұхбат беруден бас тартты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz -ке сілтеме жасап.
Бүгін Шымкентте танымал әнші Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы» атты концерті өтеді. Концертке дейін отандық өнімді қолдау мақсатында «Назар текстиль» кілем фабрикасына ат басын бұрған жұлдыз он екі мың теңгеге кілем сатып алды. Мақсат – отандық өнімді танымал адамдар арқылы жарнамалау.

Концерт алдында келуге келісім берген жас әнші белгіленген уақыттан бірнеше сағатқа кешігіп келіп, мұнан соң өнердегі әріптесі Қайрат Нұртасқа ұқсағысы келді ме, әйтеуір көзілдірігін шешпей тұрып алды. Қолын артқа айқастырып шіреніп тұрған әншіден бір журналист қолын түсіріп сұхбат беруді сұранғаны сол еді ол бірден мінезін көрсетіп, оған әкесі қосыла кетіп, дөрекілене жөнелді.
Тіпті елге сыйлы болып жүрген Төреғалидің әкесі «сендерді кім шақырды?» деп мән-жайды ушықтырып жіберді. Алайда бұл шараға бір топ тілшілер қауымын облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі арнайы шақырған болатын.
«Ұлы дала баласы» деген тақырыппен кеш бергелі отырған әнші «ұлы мінезін» осылайша байқатып қойды.