MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында климат өзгерісіне көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 68% әйелдер мен 32% ер адамдар жауап берді.
Қазақстандықтардың көп бөлігі (83%) соңғы жылдарда Қазақстанда климат өзгерісін байқаған. Олардың 43%-н көбі оның салдарынан қауіптенеді, 40%-ы бұл өзгерістер болмашы ғана деп есептейді.
Респонденттердің 13%-ы ешқандай климат өзгерісін байқамаған, ал 4%-ы бұл мәселеге мүлде көңіл бөлмеген.
Соңғы онжылдықта байқалған климат өзгерісі тек ғалымдардың ғана назарын аударған жоқ. Әлемдің әртүрлі елдеріндегі тұрғындар ғаламшарымыздағы климат жылынуын байқаған. Ғалымдар 2030 жылдарға қарай Арктикадағы тұрақты (жазғы) мұздың еріп кететініне сенімді, экологтар да бұл жағдайды растап отыр.
Қазір жалпы нормадан ауытқыған табиғи құбылыстар жиі орын алуда. Мысалы, Гисен университетінің неміс ғалымдары 2014 жылы жаз айы өте катты ыстық болады деп болжайды. Соның нәтижесінде, өрт, құрғақшылық, бір аймақтарда дауыл, бір аймақтарда сел болуы мүмкін дейді. Сонымен, ғалымдар, ең кемінде 2010 жылдағы ыстық қайта қайталанады деп есептейді.
Қазақстандықтардың көп бөлігі де адамзат өміріне қауіп төндіретін әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы, климат өзгерісіне бей-жай қарамайды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 40%-ы бұл ең маңызды мәселе деп есептейді. Олар бұл мәселені зерттеу мен шешімін табуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі керек деп санайды. Ал 15%-ы елімізде ғаламдық жылыну мәселесін шешуге жеткілікті көңіл бөлініп отыр, нәтижесі кейін айқын болады дейді. 28%-ы Қазақсанда бұл мәселені шешу тек қағаз жүзінде ғана қалып отыр, белсенді іс-әрекеттер жасалып жатқан жоқ деп ойлайды. 17%-ы мұндай мәселенің бар екенінен және шешу жолдарынан хабарсыз болып шықты.
Қазақстандықтардың пікірінше, климат өзгеруі жайлы тақырыптар қоғамда достар мен таныстар арасында (41%), бұқаралық ақпарат құралдарында (17%), әлеуметтік желілерде (11%), экологиялық үкіметтік емес ұйымдарда (6%) белсенді талқыланады.
Тұрғындардың пікірінше, бұл тақырып саясаткерлер арасында (небәрі 2%) аз талқыланады. Ал сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 23%-ы бұл тақырыптағы пікірталастарды мүлде естімеген.
Сондай-ақ, Европа елдерінің климаттың өзгеруімен күрес саласындағы белсенді саясатын қазақстандықтардың үштен бір бөлігінен көбі (34%) дұрыс деп есептейді. Олардың көп бөлігі осы мәселе бойынша жасалып жатқан европа елдерінің белсенді әрекеттерінен хабардар. Бірақ, олар климаттың өзгеруі табиғи құбылыс деп есептейді. Мұндай пікірді 29% қатысушылар білдірген. Респонденттердің 12%-н көп бөлігі әлемде бұдан да маңызды шешімін табуы тиіс мәселелер бар деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі бұл сұрақтардан хабарсыз.
Сонымен қатар, немістердің энергияны үнемдеу саясатын, энергияны өндірудің балама жолдарына көшу мен атом энергиясын пайдалануды қысқартуды қазақстандықтардың жартысына жуығы қолдайды. Бірақ 29%-ы бұл қазіргі кезде климат өзгерісінің алдын алуға көмектесе алмайды дейді. Сауалнамаға қатысушылардың 20%-ы мұндай саясаттың нәтижесін бірден бағалай алмаймыз деп ойлайды, сол себепті бейтарап пікір ұстанады. 15%-ы болашақ атом энергиясында деп есептейді. Ал, 36%-ы жүзеге асырылып жатқан шаралардан хабарсыз екен.
Оставить комментарий