Балет бишісі Әйгерім Бекетаева «Колизей» театрында өнер көрсетпек

/uploads/thumbnail/20170708151740800_small.png

«Астана Опера» балетінің жетекші солисі Әйгерім Бекетаеваға Ресейдің халық әртісі Борис Эйфманнан оның труппасымен сәуір айының алғашқы күндері Будапештте, сәуірдің 15-і мен 19-ы аралығында Лондонда, «Колизей» театрында өтетін гастроль барысында өнер көрсету жөнінде ұсыныс түсті.

Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық жас өнер ордасы Мариин театрына гастрольмен барғанда Санкт-Петербор Мемлекеттік академиялық балет театрының директоры Борис Эйфман Әйгерім Бекетаеваның өліп бара жатқан аққудың рөлін ойнаған кездегі ішкі жан дүниесіне, кәсіби деңгейіне қайран қалыпты. Бұған дейін Ресейдің халық әртісі «Астана Опера» театрының труппасымен «Роден» балетінің тұсаукесерінде жұмыс жасаған, ол кезде нәзік Әйгерім Бекетаева Камилла Клодельді биледі. Жас әртіс еуропалық сахналарда да осы рөлді орындайды. Оған оңай соқпайды, себебі аталған балеттің хореографиясы әдеттегі классикадан да керемет. Ондағы басты кейіпкер адамның денесі және оның мүмкіндіктері болып табылады.  Жетекші солиске жүктелген жауапкершілік өте жоғары, біріншіден, бұл «Роден» балетінің Лондондағы тұсаукесері, екіншіден, Борис Эйфман ешқашан өзге театрдан әртістер шақырған емес, бұл Әйгерім Бекетаева үшін үлкен құрмет.

Әйгерім Бекетаева - Алматыдағы А. В. Селезнев атындағы хореографиялық училищенің түлегі. 2012 жылы Варнадағы (Болгария) балет әртістерінің халықаралық конкурсының лауреаты атанды, бір жылдан соң - Рудольф Нуриев атындағы балет әртістерінің халықаралық конкурсының лауреаты және балет әртістері мен хореографтарының XII халықаралық конкурсының (Мәскеу) дипломанты. Балерина өзі үшін жаңа эйфмандық жанрды ашқанын және қазір алдына қойған негізгі мақсаты - кемелге келу, өзінің жетілгенін сезіну екенін жасырмайды. «Мен өз кейіпкерімнің қандай сезімде, эмоцияда болғанын дәлме-дәл жеткізу үшін ол жайлы көптеген кітаптар оқыдым, фильм көрдім. Өте көп жұмыс жасалды, маған дейін бұл рөлді ойнағандар сахнадағы сезімді жеткізу мақсатында сол атмосфераны ұғыну үшін жүйкесі ауыратындардың ауруханасына да арнайы барған». Әйгерім бірнеше жылдан кейін оның Камилласы  мүлдем басқа болатынын, оның өсетінін айтады.

«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев «Астана Опера» театрының солистері өзге елге барып өнер көрсету үшін қажетті кәсіби деңгейде екені аса құрмет, осылайша театр әлемдегі жетекші театрлармен қатар тұратынын атап өтті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи