Жанкелді Қаржан: Көктем келсе, Божкодан маза, елден ұйқы қашады

/uploads/thumbnail/20170708151745128_small.jpg

Көктем келсе, Божкодан маза, елден ұйқы қашады. Қалың жауған қар, арнасынан асып тасыған судан кейін "лағнеттер мен қарғыстар" Бөкеңнің атына бағытталып жатады. Шығыс пен батыстағы су тасқыны, Қызылағаштағы "қанды қырғын", айта берсе жетіп артылады. Осылардың соңында салпақтап, түнеріп Божко жүреді. Бірақ қанша қырғын болса да, бәріне шыдас беріп, сотталмай келе жатыр (сотталып кетсін деп тұрғаным жоқ). Кеше Көкпектіде тоған жарылып, біраз адам "ана жаққа" аттаныпты. Нағашым сол ауылға қоныстанғалы бір жылға жуықтады. Құдай сақтағанда аман екен. Бірақ біздің ауылдан Көкпектіге қоныс аударған біраз адамның үйін су шайыпты. Төрт аяқты тұрмақ, адам шығыны бар дейді нағашым. Бірақ, нақты саны белгісіз екен. Ауылдағылар 4 десе, келесі 30, одан кейінгі көрші 40 дейтін болса керек. Әңгіме кейіпкері Божко Көкпектіде тікұшағымен жүр екен . Қазір 5-те жиналыс болмақшы. Апаттың шығыны үлкен дейді ақпараттандырушы нағашым.

Оставить комментарий

Связанные Статьи