Әбдірашит Бәкірұлы: Алдымен экономика, содан кейін саясат

/uploads/thumbnail/20170708151758550_small.jpg

 ФБ-та осы мәселені талқылай бастапты. Оған қосарым: Бұлай деу - "материя - бірінші, сана - екінші" дейтін материалистік марксизмнің "сананы тұрмыс билейді" деген қағидасын метафизикалық, қарадүрсін тұрғыда түсіну. Бұл - жан-жақты ойдың (диалектикалық логиканың) жоқтығын, оның формалді логика деңгейінен аспауын білдіреді. Мемлекет басқару ісінде бұндай принципті басшылыққа алу - өте қиын жағдайға әкеледі. Мысалы, тіптен, бұрынғы сауатсыз колхоз бастығының өзі де алдымен қандай шаруа атқаратынын, жұртты оған қалай жұмылдыратынын ойда пысықтап, жоспарлап алатын. Ол - алдымен "саясаткер" еді. Ал "алдымен экономика" дегенің - "есектің алдына жемді үйіп тастасаң да оған ақыл кірмейдінің" кебі ("жемді" - мұнайдан, кен байлықтан, ұрлықтан, коррупциядан түскен "көлденең", яғни "маңдай терсіз" келген пайда деп ұғыңыз). Қазіргі заманда Адамзат әлемді ақылмен билеп отыр. "Ақыл" билей алмаған жерде (оны "көреген саясаттың жоқтығы" деп ұғыңыз) экономика да, экономиканы көтеретін қоғам да, мәдениет те, жетістік те жоқ. "Соқыр байлық" ("алдымен экономика" деген сол) - Отанды ("қоғамды" деп ұғыңыз) тоздыруға бастайды!

Оставить комментарий

Связанные Статьи