Дина Түлекова: Шоу жалғасуда: Мәсімов - премьер!

/uploads/thumbnail/20170708151814944_small.jpg

Мәсімов Премьер! Қазақша үйренем деп дүйім халықтың алдында уәде беріп, бірақ сөзінде тұрмаған адам қайта Үкіметті басқаратын болды. Оны мақтайтындар: "әлемдік дағдарыстан елді алып шыққан осы кісі" деп әкәмның астына көрпе қояды. Ал даттаушылар: "сырты жалтырап, іші қалтырап тұрған кәсіпорындар легі осы мырзаның премьерлігі кезінде ашылған" дейді. Дәлірек айтсақ, аты дардай кәсіпорынның тұсау кесер лентасы қиылады, арасы бір жылдан кейін, қайта жабылады. Кезінде сарапшылардың дені "кабинетінен шықпайтын Премьер" деп атап еді. "Ауыл жылы" бағдарламасы кезінде 300 млрд теңге бөлінді. Бірақ, соның қызығын ауыл халқы ақыры көрмей кетті. Мәсімов премьерлік еткен кезде азық-түлік бағасы қымбаттады, отандық банктер ойсырады, идеология саласы ұмыт қалдырылып, діни экстремистер дендеп кетті елді... Енді су жаңа - көне Премьер осы жіберген олқылықтардың орнын толтырады ма екен?

Оставить комментарий

Связанные Статьи