Солтүстік Қазақстанда 6 мың гектар жер аукцион арқылы сатылған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709053356183_small.jpg

Солтүстік Қазақстанда 6 мың гектар аукцион арқылы сатылған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бостандық ауылының тұрғыны Қайрат Қали деген азамат мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Солтүстік қазақстандық азаматтың видеомәлімдемесін қарағандылық белсенді Айтқожа Фазыл Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Жер комиссиясының кезекті бір отырысында ЖСДП төрағасының орынбасары Серікбай Әлібаев өңірлерде мораторийге қарамай жерлер аукцион арқылы сатылып жатқанын айтқан болатын. С. Әлібаев ол мәлімдемесінен кейін комиссия төрағасы А. Мырзахметовтың мұны жоққа шығарғанын айтады.

«С. Әлібаев сөзінің жаны бар. Шынымен де 31 мамыр күні 6214 гектар жер аукцион арқылы сатылды. Мен оны дәлелдеп бере аламын. Қазір осы мәселе жөнінде соттасып жүрмін. Ол сатып алу-сату туралы барлық құжаттар қолымда бар. Сол сот арқылы жерді халыққа қайтарам ба деген ойым бар», - дейді ол.

С. Әлібаев пен Қ. Қали өткен сенбідегі комиссия отырысына кіре алмағандарын да айтып отыр.

Связанные Статьи