Серпілу
Жазып- жазып тастайын жазарымды,
Басқаға бұра бермей назарымды.
Ескірген мешпеттейін лақтырайын,
Бір жолата ұмытып азабымды.
Ұлылыққа туралап бағытымды,
Санаға сап қазақи салтымды.
Жазып- жазып тастайын жаңалықты,
Дегенінше ел, бұның да жағы тынды.
Өзіме сай өмірден сый алайын,
Арман қумай қалай тек жүре алайын.
Шабытыма мініп ап қуалайын,
Арман атты өмірдің құралайын.
Артыма өшпейтін жыр- ән қалдырып,
Таң қалдырып өтейін, таң қалдырып.
Тұп- тұнық сұлу жырды тізбектейін,
Жұбайым тағып жүрсін маржан қылып.
Жазып- жазып тастайын жалын жырды,
Жалын жыр мені өзіне табындырды.
Шындық гүлін іздейін шыңыраудан,
Болсада жол бұралаң, жаным мұңлы...
Үдетіп кеудемдегі жалынымды,
Елге арнайын шуақ- жыр, жарығымды.
Поэзия шебіне аттанайын,
Қолға алып қағаз- қалам, '' қаруымды''.
Жалындаймын
Мен жалынмын, әлі де жалындаймын,
Ешкімге жалын бер деп жалынбаймын.
Жақсылардың жүремін саясында,
Жамандардың жанынан табылмаймын.
Жырдан туған жүректе жалыным мол,
Жалыным бол аруым, жарығым бол.
Қасыреттен самарқау тартсам егер ,
Жалынымды желпитін арыным бол .
Сенде қарғам жалында, жалындасаң,
Жалыныммен құпия жаныңды ашам.
Мәңгілікке жалынды өту мендегі арман,
Кеудемнен үзілгенше жаным қашан.
Сен деп ғана
Қиналамын тілегімді айта алмай,
Сыйлағамын жыр өзіңе май таңдай.
Сыйағаным жүр өзіңе байқалмай,
Қимағамын, жігіттерге әр қандай.
Жүрегімді жайып салып алдыңа,
Тілегімді саған қойған ал мына!
Бір өзіңді сүйді жүрек жан мына,
Тілеуімді жаның сүймей қалдыма.
Жаным менің, айналайын жүзіңнен,
Әнім менің емес сен деп үзілген.
Арым менің мөлдір таза үзімнен,
Жарым дегім келді сені бүгін мен...
Жылатпа
Жылатпа мені жарқыным,
Жылатуға жоқ хақың.
Деміңе сенің балқыдым,
Жақын тұрғандай отқа тым.
Қинама мені ақылдым,
Көңілім менің тым нәзік.
Сені ойлап тағы жатырмын,
Өзің деп отты жыр жазып.
Қасыңда сенің мәңгілік,
Жүрейін ұстап қолыңнан.
Өкінішке қалдырып,
Айырма бақыт жолымнан.
Мен сенің “Төлегенің”
Жалын едім, жазылған өлең едім,
Көңілімді ұқпайсың неге менің?!
Өзіңдей “Қыз Жібекке” ғашық болған ,
Мен сенің адал жүрек “Төлегенің”.
Болсада, жаным мұңлы елемедім,
Азабыңа әр қандай көнер едім.
“Бекежаның” садағын сайласада,
“Төлеген” боп сен үшін өлер едім!!!
Сыры тылсым теңізден терең едім,
Бірақ сен оның бірін елемедің.
Адам түгіл қайтпайтын ажалдан да,
Мен сенің қайсар жүрек “Төлегенің”.
Түсседе не қиындық жас басыма,
Өзім сенем құрдымға батпасыма.
Телміртіп қойма мені ұзақ уақыт,
Махаббаттың киелі қақпасына.
Азапқа салма мені өтінемін,
Қолдан түскен шыныдай кетілемін.
Өзіңнен қоңырау да келді міне
Сен жайлы өлең ойлап отыр едім...
Сен жайлы жазылатын көп өлеңім,
Сенімен ғана бақытқа кенелемін.
Қадалса да кеудеме жебе менің,
Мен сенің “Төлегенің” боп өлемін...