Ольга Рыпакованың қола жүлдесі спорт аренасындағы Қазақстанның жетістігін нығайтты - ШҚО әкімі

/uploads/thumbnail/20170709053915578_small.jpg

 Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандық спортшы Ольга Рыпакованы Рио-де-Жайнеродағы қола жүлдесімен құттықтады.

«Құрметті Ольга Сергеевна, Олимпиада ойындардыңда ұтқан кезекті медаліңізбен Сізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл халықаралық спорт аренасындағы Қазақстанның жетістігін нығайта түсті. Жанкүйерлерге ерекше эмоция мен әсер сыйлады. Сіздің жоғары нәтижеңіз отандық спортшыларға жарқын үлгі бола бермек. Мақтан тұтамыз!», - делінген құттықтау жеделхатында.

Облыс әкімі спортшыға жарқын белестер мен шыңдарды бағындыра беруін тіледі.

Связанные Статьи