140 отандасымыз Батуми қаласынан Қазақстанға ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Жолаушылар 26 тамызда ұшып, елге оралуға тиіс еді. Тасымалдаушы Skybus компаниясының бас директоры Александр Белобородовтың хабарлауынша, рейсті орындайтын ұшақ құрастырылған кезде қателіктер болып, техникада ақау бар екендігі анықталды. Енді Skybus осы ақауды өз есебінен жөндемек. Қазір компания басқа әуе компанияларымен ұшақты жалға алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ демалыс күндері банктер істемегендіктен, оны жалдау мүмкін емес көрінеді. Барлық жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
- Қонақүйден әуежайға бет алдық. Алайда ұшақ көкке көтерілмейді деген хабар жетті бізге. Содан бері 2 күн өтті. Әлі себебін айтқан жоқ. Туристік операторлардан да хабар жоқ. Батумидің жергілікті туроператоры «мүмкін ертең кешке ұшасыздар» деді. Әзірге біз қонақүйде жатырмыз. Ыстық тамақ беріліп жатыр, - дейді қазақстандық турист Виталий Несіпбаев.
Айта кетейік, мұндай оқиға тамыздың басында болған. 50-ден астам адам Грузия елінен Қазақстанға ұша алмаған. Батуми-Астана және Батуми- Атырау/Ақтөбе рейстері орындалмады.