ШҚО әуесқой хоккейшілері ел чемпионатында жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170709060748643_small.jpg

Астана қаласында өткен «Bolashak Hockey Cup» атты әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы хоккейден республикалық турнир өз соңына жетті. 8 команда қатысқан сайыста Өскемен қаласының құрамасы бірінші орын иеленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Айта кетсек, Өскемен қаласының құрамасы аталған сайысқа бірінші рет қатысып отыр. Команда ойыншыларының айтуынша, көрсеткіштеріне тәнті болған ұйымдастырушылар турнирды әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді ұсынған.

– Өскемен қаласы қазақстандық хоккейдің отаны болғандықтан, жеңіліс табудың өзі намыс көрінді. Команда мүшелеріне алғысым шексіз, ересек болса да, ескі хоккей мектебінің әдістерін ұмытпапты. Ойын барысында ақмолалық командамен ойын қызықты да тартысты өтті. Енді әр жыл сайын қатысып, жетістікке жетуге бел буып отырмыз, – деді құрама мүшесі Ерлан Тұраров.

Турнир көрсеткіштері бойынша, екінші орынды алматылықтар иеленсе, үшінші орынға Ақмола командасы аяқ тіреген.

Связанные Статьи