Бақытбек Есентаев 45 минут бойы қансырап жатқан Баянға қарап отырған

/uploads/thumbnail/20170709061848531_small.jpg

Бұл ақпарат құқық қорғау ұйымдарының сотқа дейінгі  анонимді тергеу материалдарынан белгілі болған. Қайғылы оқиға болған маусымның 10 күні  әйелін ұрып, төрт жерінен пышақтаған Бақытбек Есентаев қансырап жатқанына қарамастан,  Баянды жанармай бекетіндегі көлік ішінде  ұстап отырған.  Тіпті жедел жәрдем де шақырмағана. Қансырап жатқан Баян күйеуінен өзін өлтірмеуін жалынып сұраған.  Қыздары  Айсәуле келгенше 45 минут өткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Әйелдер ерлереге қарағанда шыдамды болып келеді.  Нәзік жандылар  1,5 литр қан жоғалтып қайта қалпына келе алса, ерлердің шок алуы үшін 0,5 литр  қан жеткілікті»,- деп түсіндірді бұл жүйеде ұзақ уақыт қызмет еткен агенттік маманы. Аталған фактіге  Қазақстан Республиканың Қылмыстық Кодексінің 106 –шы бабы бойынша «Денсаулыққа ауыр зиян тигізген»  деген айыппен   қылмыстық іс қозғалған.

«БАҚ беттеріндегі Бақытбектің өз ісіне өкінуі және әйелінен кешірім сұрауға мүмкіндігі болмай жатыр деген ақпараттар  өтірік, оның бір емес, мыңдаған мүмкіндігі болған» - деп мәлімдейді ақпарат беруші. Оның үстіне Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов ҚР Бас прокуроры Андрей Кравченконың қабылдауына жазылған, ол Талдықорғанда жеке бас мәселесі бойынша қабылдауға кірмек.  Келесі сот Қаскелең қаласында болуы мүмкін. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи