Арыстанбек Мұхамедиұлы: Кейкінің басын екі аптада елге әкелеміз

/uploads/thumbnail/20170709063327449_small.jpg

Ұзақ жылдар Петербордағы Кунсткамерада сақталып келген Кейкі батырдың бас сүйегі жақын күндері Қазақстанға қайтарылатын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединскиймен кездесуі барысында белгілі болды. 

Тарихшылар жоғарыда аталған музейде Кейкі батырдан өзге қазақтың тағы жеті батырының сүйегі сақталғанын айтады. Кейінірек оларды да елімізге әкеліп, арулап жерлейтін болады.

Ресейдің Мәдениет министрі бұл жәдігерлердің қазақ халқы үшін, Қазақстан тарихы үшін қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, өз ғалымдарына аталған сүйектерді қайта зерттеп шығуды тапсырғандарын айтты.

-Менің ойымша, біз бас-аяғы екі аптаның ішінде бас сүйекті Қазақстанға әкелеміз. Қазір венгриялық ғалымдармен келісім бар, олар ДНК анықтамасын алды, - дейді РҚ Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

Связанные Статьи