Мәжiлiс комитеттерінде ауыс-түйіс басталды

/uploads/thumbnail/20170709063434372_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң бiрқатар депутаты бiр комитеттен екiншiсiне ауысты. Бұл туралы Мәжiлiстiң жалпы отырысында Мәжiлiс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева баяндады. Сондай-ақ, Нұртай Сабильянов  Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiнiң төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап.

«Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннiң атына депутаттардан бiр тұрақты комитеттен екiншiсiне ауыстыру туралы өтiнiштер келiп түстi. Нақтырақ айтсақ, Майра Айсинадан әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнен экономикалық форма және өңiрлiк даму комитетiне, Анар Жайылғановадан қаржы және бюджет комитетiнен заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiне, Наталья Жұмадiлдаевадан халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнен әлеуметтiк-мәдени даму комитетiне, Иван Клименкодан экология мәселелерiт және табиғат пайдалану комитетiнен әлеуметтiк даму комитетiне, Серiк Құсайыновтан аграрлық мәселелер комитетiнен қаржы және бюджет комитетiне, Берiк Оспановтан қаржы және бюджет комитетiнен аграрлық мәселелер комитетiне, Нұртай Сабильяновтан қаржы және бюджет комитетiнен экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiне, Мұхтар Тiнiкеевтен заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнен экология мәселелерi және табиғат пайдалану комитетiне ауыстыру туралы өтiнiштер түстi», - дейдi Г.Исимбаева.

Жалпы отырыста депутаттар бұл өтiнiштерге қолдау көрсетiп, ауыстыру туралы қаулы қабылданды.

Сондай-ақ, Нұртай Сабильянов Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiнiң төрағасы болып сайланды.

Связанные Статьи