Депутаттар ертең лаңкестерге өлім жазасын қарастыру мәселесін талқыламақ

/uploads/thumbnail/20170709063456076_small.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ертең «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылады. Оған елімізге белгілі саясаттанушылар, құқық қорғаушылар, дінтанушылар, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады, - деп xабарлайды Qamshy.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап.

М.Әшімбаевтың сөзіне қарағанда, аталған құжат бойынша экстремизм мен терроризм үшін жауапкершілікті күшейту мәселесіне басымдық беріледі. Осыған байланысты 20-ға жуық заңға өзгерістер мен толықтыруылар енгізу көзделген. Соның ішінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, экстремизм мен терроризммен күрес заңнамасы және тағысын тағы.

«Ақтөбедегі жағдайдан кейін қоғамда террористерді өлім жазасына кесу туралы ұсыныстар айтыла бастады. Осы мәселе қарала ма?», - деген сұраққа М.Әшімбаев: «Бұл мәселе жұмыс тобында жан-жақты сараланады. Жалпы, аталған заң жобасында жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылатын болады»,-деп жауап берді.

Депутаттың айтуынша, осы заң жобасын қабылдау жұмысын ұзаққа созбау қажет. Дегенмен, асығыс шешімдер де болмауы шарт. Сондықтан xалық қалауылары ол құжатты жан-жақты талқылап алуды көздейді. «Негізі, бұл заң жобасын осы жылдың аяғына дейін қабылдауымыз қажет»,-деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралып, барлық депутаттар оны бірауыздан мақұлдады. Аталған жұмыс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктеліп отыр. Комитет төрағасы – депутат Мәулен Әшімбаев.

Связанные Статьи