Дағыстанда 6 содырдың көзі жойылды

/uploads/thumbnail/20170709063907241_small.jpg

Дағыстанда 6 содырдың көзі жойылды. Бақилық болғандардың арасында жергілікті лаңкестік топтың басшысы бар. Ол былтыр маусым айынан бері федералды іздеуде жүрген. Бұл туралы Ресейдің Лаңкестікке қарсы Ұлттық комитетінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Арнайы операция Махачкала мен Избербаш қаласында жүргізілген. Екі жақта та экстремистер қарсылық көрсетті. Абырой болғанда, бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым тарапынан адам шығыны жоқ. Тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, көзі жойылған радикалдар осы жылдың тамызында Избербашта полицейлерге шабуыл жасаған. 

Связанные Статьи