
Сарапшылар Кәрімовтың орнына келетін мирасқорлар болуы мүмкін деп Шавкат Мирзиёев, оның орынбасары Рустам Азимов пен Рустам Иноятовты айтуда,- деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан заңы бойынша елбасы болмаған жағдайда президент міндетін сенат төрағасы атқарады. Қазір бұл орынды Нигматилла Юлдашев атқарып отыр. Дегенмен, практика көрсетіп отырғандай, посткеңестік кеңістікте бұл норманы қадағаламай-ақ қоюға болады.
2006 жылы Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесіне президент міндетін денсаулық сақтау министрі және вице- премьер Гурбангуль Бердымұхамедовке жүктеген, жерлеу комиссиясында сол басқарған, 2007 жылдың ақпан айында сайлауда жеңіске жетті. Түрікмен оппозициясы Түрікменбашының өлімі жайлы ақпаратты қазасы болмай тұрып жариялаған болатын.
Мұндай наразылықты оппозиция Әзірбайжан билігіне де таққан: 2003 жылы президент Гейдар Алиев денсаулығына байланысты қоғамдық саясаттан маусым айында жоқ болып кеткен, бірақ оның қазасы жайлы ұлы Ильхам қазан айындағы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жариялады, -деп жазады РБК.
Осыдан келіп, - «...егер үкімет ауысымы конституцияға сай өтетін болса, президент Өзбекстанның сенат төрағасы болады, бұл қоғамдық емес, ешкімге белгісіз саяси фигура» - деп мәлімдейді Орталық Азия эксперті Даниил Кислов «МК».
Сарапшы Даниил Кислов пен Аркадий Дубновтың ойынша, Кәрімовтың орнын алмастыратын басты фаворит Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев,- деп жазады РБК.
Шавкат Мирзияевтың өмірі жайлы танымал фактілер
Отбасы
Шавкат Мирзяев 1957 жылы Зааминск ауданы, Джизакск облысында УССР, Тәжікстандық келімсек отбасынан шыққан. Шавкат кішкентай болған кезде, оның анасы сүйек туберкулезінен қайтыс болған. Осыдан кейін Шавкаттың әкесі медицина университетіне түсіп, туберкулезді емдейтін дәрігер болып, өмірін осы аурумен күресуге арнаған.
Қатал өгей шеше
Кейіннен әкесі басқа әйелге үйленген. Шавкаттың өгей шешесінің бала тәрбиесінде өзіндік әдістері болған: сәл ғана ағаттығы үшін Шавкатты нан мен сусыз қалдырып, қатал ұстаған. Әкесі де оны жиі ұрған деседі. Салдарынан бала Шавкат ағасының үйіне көшіп кеткен.
Қызметі
Мектепті аяқтаған соң Шавкат Мирзяев Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығы механизациясы институтына түсті. Ол комсомол ұйымының хатшысы болып, кейіннен сол университеттің ректор орынбасары қызметін атқарған.
1990 жылы Мирзияев Өзбекстан Жоғарғы кеңесінің депутаттығына сайланды, 1994 жылы жаңа парламентке таңдалды (Олий Мажліс).
1992 жылы Мирзияев Ташкенттің Мирзо- Ұлықбк ауданы әкімі болды (әкімшілік басшысы). Баспада осы уақыттан бастап оның « милиционер- күзетшілер» қоршауында жүргені айтылады.
Министірдің қызына үйленуі
Мирзяевты ұнатпайтындар оның мансапта көтерілуі министрдің қызына үйленуімен тікелей байланысты деп растайды. Ел не айтсада, әкімшілік басшысы болған кезде Мирзяев өте қатал басшы болған.
Қоластындағылармен жұдырықтасқан
Қоластындағыларға деген қарым–қатынасында Мирзяев боқтық сөздер айтудан ешқашан қысылмаған, тіпті жұдырық жұмсаған кездері де болған. Тіпті, колхоздың бірнеше төрағасын мақта тазалау жоспарын орындамағандары үшін тыр жалаңаш шешініп, төрт сағат суық өзенде тұрғызып қойған деп айтады куәгерлер.
Кісі өлтірді деген айып тағылған
Өзбек құқық қорғаушылары Мерзяевті тек қол көтеруде ғана емес, бірнеше адамды өлтірді деп те айыптаған. Өзбекстанның болашақ премьер –министрі өз тапаншасынан мақта егістігіне табын жіберген 11 жастағы баланы атып тастады,- деген адам қауесеттер де ел арасында айтылған.
Қоғам алдында көп шықпайтын тұлға
Бұл айыптың барлығы да өзбек БАҚ-тарында бір рет қана айтылмады, бірақ Шавкат Мирзяев ешқашан оларды жоққа шығаруға тырыспаған. Ол ел алдына көп шығатын саясаткер болған емес, оның суреті бар алғашқы материал 2006 жылы үлкен жаңалық болған.
Шавкат Мирзяев 2003 жылдың 11-ші желтоқсанынан бастап Өзбекстан премьер-министрі қызметін атқарып келе жатыр.
Оны үміткерлікке республиа президенті Ислам Кәрімов 2003 жылдың 12-ші желтоқсанында ұсынып, өзбек парламенті бұл шешімді бекіткен. Ол Уткир Сұлтановтың орнын басты.
Ол халықаралық қатынастарда мүлдем тәжірбиесіз, сол үшін Өзбекстан шекарасынан өте сирек шығады.
Кәрімовтың тағы бір орнын басуы мүмкін деп сарапшылар Рустам Иноятовты ұсынуда, ол ұлттық қауіпсіздік Қызметінің шефі.

Иноятов, елдегі арнайы қызмет басшысы, ел алдына өте сирек шығатын адам, БАҚ беттерінде оның суретінің шығуы өте үлкен құбылыс болған. Өзбек барлау қызметінің болашақ басшысы 1944 жылы Сурхандарьинск облысында туылған, Ташкент мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін « Иранист» мамандығы бойынша бітіріп, МҚК қызмет атқарды, дипломаттық қорғаумен Ауғанстанда қызмет атқарған, ҰҚҚ 1995 жылдан бері басқарып келеді.
ҰҚК аппарат күшін 2005 жылы Андижан көтерілісінен кейін жинап алды. Осы оқиғадан кейін зейнеткерлікке ішкі істер министрі Закир Алматов кетті. Оқиғаны түсіну үшін: Өзбекстанның күш құрылым басшылары билікте тек «қызметімен» ғана маңызды орында отырған жоқ. 90-шы жылдардағы республиканың қалыптасуы исламистердің елді басқаруға ұмтылған кезімен тұспа-тұс келді, көрші Ауғанстан мен Тәжікстанда ашық азаматтық соғыстар жүріп жатты. Ташкентте «табысқа бара жатқан» исламистерді тоқтатып, көршілердің татулығына араласуға тура келді, сол үшін Өзбекстан күш құрылымдарының әсері мен беделі лайықты бағада – деп жазады Lenta.ru.
Басқа үміткерлерде ел алдында көп шығып жүрген фигуралар емес.
Қаржы және экономиканың бұрынғы министрі Рустам Азимов республика астанасында туылған, ол Ташкент университеті мен Оксфорд университетінің магистратурасын бітірген. Ол қаржы және экономика саласының өте білікті маманы.

Кейбір мәліметтер бойынша, Азимов президенттің үлкен қызы— Гүлнара Каримоваға қызмет еткен және оның қаржы көздерінің сақталуына көмектесіп тұрады. Премьердің қазіргі орынбасарының күш құрылымдарында мықты байланыстары бар, - деп жазады Lenta.ru.
Дүйсенбі күні ресейлік Regnum агенттігі Азимовты ұсталды деп хабарлаған. Дегенмен, сейсенбі күні Өзбекстанның «Sputnik агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Азимов жұмыс атқарған қаржы министірлігінде оның жұмыс орнында отырғанын айтты.