Салмақ өлшеу рәсімінен соң Брук бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жететінін және қарсыласынан қалайда белбеуді тартып алатынына еш күмәне жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz Vesti.kz сілтеме жасап хабарлайды.
“Мен Головкиннің көзіндерінен қорқыныш байқадым. Ол бүгінгі сенбінің қиынға түсетінін біледі. Оны бірнәрсе алаңдатып тұрғанын мен сеземін. Ол да менің көзқарасымнан әлемді таңдандырғым келетінін көрді ”, – деді Келл Брук.
Еске сала кетсек, Брук салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннен ауыр болып шыққан еді. Бұл оның орта салмақтағы алғашқы кездесуі. Кәсіпқой шаршы алаңда Геннадий Головкин жалпы саны 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
Ал Келл Брук 36 рет шаршы алаңға шығып, оның барлығында дерлік жеңіске жете алған. Ал 25 кездесуін нокаутпен аяқтапты.
Бұл жекпе-жек үшін қос боксшы да өздері үшін ең жоғарғы рекордтық сомадағы ақша алады. Кездесу орта салмақ аясында өтетіндіктен Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғауға тура келеді.
Кездесу барысында ямайкалық Марлон Райт шаршы алаңдағы төреші қызметін атқарса, боксшылардың іс-қимылын Гуидо Каваллери (Италия), Крейг Меткалф (Канада) және Бенуа Россель (Канада) сынды төреші мамандар бақылайды.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренада өтетін бокс кешінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) күш сынасады.
“Қазақстан”және KazSport телеарналары жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен түнгі 23:00-де басталады.