Филиппин президенті БҰҰ-ның Бас хатшысын да балағаттады

/uploads/thumbnail/20170709065026356_small.jpg

Филиппин Президенті Родриго Дутерте, 9 қыркүйекте Манилада Пан Ги Мунды «ақымақ» деп атады.

 Филиппин басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысының есірткі саудагерлерінің соттан тыс өлім жазасына кесілуіне көзқарасы және Филиппиндегі адам құқықтарынң бұзылуына байланысты ұстанымына осылай жауап берді. Бұл туралы «Reuters» хабарлайды.

«Мен өзіме, міне тағы бір ақымақ дедім. Мен қылмыскерлерге қарсы кампанияны жалғастырамын», —  деді, Филиппин басшысы.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Дутерте АҚШ Президентін «жезөкшенің ұлы» деп атаған еді. Артынан ол бұл сөзі үшін АҚШ Президентінен кешірім сұраған. Тағы белгілі болғандай, Филиппин Президенті Рим Папасы мен АҚШ-тың Маниладағы елшісін де кемсітетін сөздерді айтқан көрінеді. 

Связанные Статьи